00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қаңтар оқиғасы бойынша 15 мыңға жуық адамнан жауап алынды – ІІМ

25.02.2023 | 12:37
Елорда ақпарат
41

Бұл қылмыстардың ішінде 2,5 мыңнан астамы – ұрлық, 708 қаруды ұрлау немесе сақтау фактісі, 418 бұзақылық, 199 мүлікті жою фактісі, 26 қарақшылық және тонау.

Осы қылмыстық істер аясында полиция тергеушілері 15 мыңға жуық адамнан жауап алды. 35 мыңнан астам тергеу әрекеттері және 2,5 мың сараптама жүргізілді. 1 731 азамат жәбірленуші болып танылды.  343 млн теңгеден астам сомаға шығынды өтеу қамтамасыз етілді.  Бүгінгі күні өндіріспен 969 іс аяқталды, оның ішінде 594 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды, – деді М.Қожаев.

ІІМ Тергеу департаменті басшысының орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта полиция тергеушілерінің өндірісінде 289 іс бар.

Барлық жаңалықтар