00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігерлер кеңесі

25.02.2023 | 09:40
Елорда ақпарат
28

Ыстық өту дегеніміз ағзаның қызып кетуі әсерінен туындаған жағдай. Нәтижесінде дене температурасын реттеуге жауап беретін функциялар бұзылады. Ыстық ауа райында майлы, тұзды тағамдардан бас тартып, артық тамақтанбаған жөн, - деді № 1 қалалық емхананың терапевт дәрігері Алина Боргекова.

Дәрігер атап өткендей, күн өтудің алғашқы белгілеріне тыныс алудың қиындауы, дене қызуының жоғарылауы, жүрек айну, көздің қосарлануы, бас ауруы және айналуы жатады. Сонымен қатар, естен тану және құрысу сияқты белгілер де байқалуы мүмкін.

Аптап ыстық жүрек-қан тамыр аурулары бар адамдарға үлкен қауіп төндіреді.

Бұл уақытта тромбозға бейімділік пайда болып, артериалды қан қысымының жоғарылауы да, төмендеуі де байқалады. Ыстық ауа райы стенокардия ұстамаларын туғызуы мүмкін. Сондықтан жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар жылдың осы мезгілінде өте мұқият болу керек, - дейді № 4 қалалық емхананың кардиолог дәрігері Жанат Сұңқарбекова.

Кардиолог пациенттерге негізгі терапияны қабылдауға кеңес беріп, дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру қажеттігін де айтты. Мысалы, гипертониямен ауыратындарда қан қысымын төмендетуге арналған дәрілер, ал жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарда стенокардия ұстамасын басатын аэрозоль немесе басқа да дәрілер болу керек.

Күннің көзінде болу уақытын шектеген жөн, әсіресе күннің қатты ыситын сағаттарында – 12.00-ден 16.00-ге дейін. Сұйықтықты, әсіресе суды әдеттегіден көп ішкен дұрыс. Бірақ құрамында қант немесе кофеин бар сусындарды ішпеу керек. Мақта-матадан тігілген киімдерге басымдық берген жөн, - деп атап өтті Ж.Сұңқарбекова.

Мамандар тікелей күн сәулесінің түсуінен сақ болуға шақырады.

Барлық жаңалықтар