00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жол күрделі жөнделеді

28.11.2023 | 04:30
55
Фото: ашық дереккөз

Үкімет отырысында автожол саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлады Elorda.info.

Көлік министрі Марат Қарабаев биыл құрылыс-монтаждау жұмыстарымен 10,7 мың км автомобиль жолдары қамтылғанын, оның ішінде 6,5 мың км республикалық маңызы бар трассалар, 4,2 мың км жергілікті жолдар екенін мәлімдеді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша республикалық деңгейде нормативтік жай-күйдегі жолдардың үлесі 92%-ға, жергілікті деңгейде 87%-ға жетеді.

Премьер-министрдің айтуынша, күре жолдарды дамыту экономиканың өсу динамикасына оң әсер етеді. Күре жолдардың кең таралған желісі ішкі және сыртқы сауданы дамытуға мүмкіндік береді.

Қазақстан толыққанды көлік-логистикалық хабқа айналуы тиіс. Мемлекет басшысы біздің алдымызға осындай міндет қойып отыр. Ол үшін автомобиль жолдарының құрылысы, жол бойындағы инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету жобаларын іске асыруды жандандыру қажет, - деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысының сөзінше, 2025 жылдың соңына дейін 3,6 мың км жолды күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр. Содан кейін ұзындығы 4,7 мың км болатын жаңа жобаларды іске асыру басталады.

Сонымен қатар Премьер-министр құрылыс және жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін кеңейту жобаларына арналған жер учаскелерін беру тәртібін оңайлату мәселесін пысықтау керектігін айтты.

Әкімдіктер азаматтардан жол сапасына қатысты келіп түсетін шағымдар бойынша уақытылы шаралар қабылдауы қажет. Өңірлік трассалар – жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігінде. Жол жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп, оларды жөндеу бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет, - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

Барлық жаңалықтар