00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ақтөбе облысында арақ-шарап шығаратын жасырын цех анықталды

25.02.2023 | 08:24
Елорда ақпарат
59

Қаржы мониторингі агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін жасау және сатумен айналысқан астыртын цех жұмысын анықтады. Күдікті өз үйінде әртүрлі атаудағы алкоголь өнімдерін өндіруді ұйымдастырып, дайын өнімді жалған есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды, кейіннен Ақтөбе қаласында сатуды ұйымдастырған, - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, тінту кезінде жалған акциздік маркалары бар «Qazaq aragy», «Синяя гора» және «Немирофф» дайын алкоголь өнімі, жасанды өнімді буып-түюге арналған құрылғылар табылып, тәркіленген. Дерек бойынша соталды тергеу басталды.

 

Барлық жаңалықтар