00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтанда ұрлық жасаған 23 жастағы қыз ұсталды

25.02.2023 | 08:22
Елорда ақпарат
39

Polisia.kz мәліметінше, күдікті кешкі уақытта Жеңіс даңғылындағы «Башмачок» дүкеніне келген. Ол сөреден ерлердің спорттық аяқ киімін алып, жұмсақ жиһазға отырады. Содан кейін сатушылар орнында болмаған сәтте аяқ киімді сөмкесіне салып, дүкеннен шығып кеткен. Оның басты мақсаты – тауарды қайтадан сату болыпты.

Аталған дерек бойынша «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

Барлық жаңалықтар