00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Желтоқсан айынан бері мал ұрлаған ағайындылар ұсталды

25.02.2023 | 08:00
Елорда ақпарат
42

Тексеріс барасында жүксалғышта тиісті құжаттарсыз сиыр мен бір қойдың екі қаңқасы тәркіленген.

Деректерге сәйкес, Байғанин ауданының 31 жастағы тұрғыны оқиға орнынан із қалдырмас үшін ұрлықты түнгі уақытта жасаған. Екі ағайынды бауырлар жергілікті ауыл тұрғынының алты ірі қара малын ұрлаған. Күдіктілер өз кінәсін мойындады.

Олар ұрланған малдарды Атырау облысы Құлсары қаласына жіберіп отырған. ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

 

Барлық жаңалықтар