00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгіннен бастап Қазақстаннан Черногорияға әуе рейстері басталды

25.02.2023 | 07:51
Елорда ақпарат
35

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Алматы-Подгорица бағытындағы рейстер аптасына төрт рет жиілікпен - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері және 2022 жылғы 5 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан - Подгорица бағыты бойынша бейсенбі және жексенбі күндері аптасына екі рейс жиілікпен орындалатын болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А321LR типті әуекемелерінде орындалады, - делінген хабарламада.

Әуекомпанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтан рейстері сағат 08.50-де ұшып, Подгорицаға 10.55-те қонады. Кері бағытта сағат 12.00-де Подгорицадан шығып, Нұр-Сұлтанға 21.20-да келеді. Алматыдан рейстер сағат 07.30-да ұшып, Подгорицаға сағат 10.25-те қонады және Подгорицадан сағат 11.30-да ұшып, Алматыға 21.25-те келеді. Жергілікті уақыт көрсетілген.

Екі жаққа билеттердің құны да экономкластағы алымдарды есепке алғанда 252 255 теңгеден және бизнес-класта 753 565 теңгеден басталады. Брондау агрегаторларда және әуекомпания сайтында қолжетімді.

Черногорияға кіру үшін жолаушыларға теріс нәтижесі бар ПТР-тесті туралы анықтама және вакцина паспортын ұсыну қажет емес. Қазақстан азаматтары визасыз Черногорияда 30 күнге дейін бола алады.

Барлық жаңалықтар