00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астаналықтар қаржы пирамидасына 3,5 миллиард теңгеге жем болған

25.02.2023 | 06:55
Елорда ақпарат
27

«Астана» телеарнасының мәліметінше, елорда тұрғындарының көбі Otbasy men jastardy qoldau qory қорынан зардап шеккен. Әлеуметтік жоба ретінде жұмыс істеген пирамида салымшыларға баспана алуға көмектесетіндерін айтқан. Жалпы 100-ден аса адамнан 1,6 миллиард теңге өндіріп алған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, көбіне пирамидаға әлеуметтік осал топтағы адамдар алданып қалады. 

Қаржы пирамидасымен күрес мәселесінде халықтың қаржы сауаттылығына ерекше назар аударылады. Күніне 50-60 арыз түсіп жатады. Күніне ондаған қылмыстық іс қозғалады. Адамдар миллиондаған несие алып, сенімділігіне көз жеткізбей жатып өзгеге беріп жібереді, – дейді Нұр-Сұлтанның криминалдық полиция басқармасы бөлімінің басшысы Талғат Бүлегенов. 

Жыл басынан бері бұл қылмыс түрінен 47 миллион теңге қайтарылған. Мамандар бұл мәселені шешу үшін тұрғындардың қаржы сауаттылығын арттыру керегін айтады. 

Барлық жаңалықтар