00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстаннан Тәжікстанға ұшатын әуе рейстерінің саны артады

25.02.2023 | 05:00
Елорда ақпарат
22

«Somon Air» тәжік әуекомпаниясы 25 сәуірден бастап Душанбеден Алматы қаласына халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қазақстандық "Эйр Астана" әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы қалалары арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр. Осылайша, елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Барлық жаңалықтар