00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан – бақытты елдер рейтингісінде 40-орында

25.02.2023 | 02:58
Елорда ақпарат
34

Рейтингке сәйкес, ең бақытты ел – Финляндия.

Қазақстан 146 елдің ішінен 40-орынға жайғасты. Еліміз соңғы екі жыл ішінде 50-орыннан 10 тармаққа көтерілді. 

Ал Финляндия осымен бес жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел ретінде танылды. Бестікке Дания, Исландия, Швейцария және Нидерланды кірді.

Одан кейінгі орындарда – Люксембург, Израиль, Швеция, Жаңа Зеландия және Норвегия елдері. Ресей 80-орынға дейін түсіп кетті. 2021 жылы ол 60-орынға табан тіреген еді.

Тізімнің ең соңында Ауғанстан елі тұр. World Happiness Report баяндамасын БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдерін іздеу жөніндегі бөлімшесі жыл сайын жасап тұрады.

Мамандар әлемнің 146 елін бағалады. Өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, сыбайлас жемқорлық және тағы басқа критерийлер ескеріледі.

Барлық жаңалықтар