00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

25.02.2023 | 02:26
Елорда ақпарат
45

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі күн райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше аймағында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелгенін мәлім етті.

Ақмола облысы:

11 наурыз сағат 13.00-де «Жезқазған – Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы.

Ақтөбе облысы:

11 наурыз сағат 11.00-де «Самара-Шымкент», 776-1240 шақырым аралығы. 11 наурыз сағат 13.00-де «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0-234 шақырымдар аралығы.

БҚО:

11 наурыз сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған-Петропавл» а/ж 137-252 шақырымдар аралығы.

Қостанай облысы:

11 наурыз сағат 13.00-де ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінуді шектеу) автокөліктердің барлық түрлері үшін а/ж қозғалысына шектеу енгізілді: 1. «Жезқазған-Петропавл» 252-377 шақырым аралығы. 2. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-262 шақырым аралығы.

Қызылорда облысы:

11 наурыз сағат 11.00-де (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» тас жолының 1240-1357 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Азаматтарды ауа-райы болжамын жіті бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Штаттан тыс жағдай туындаса, жүргізушілер мен жолаушылар 1403 нөмірі бойынша ҚазАвтоЖол ҰК АҚ-ның тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуы қажет, - деп жазылған хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар