00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жылу ақысын қалай үнемдеуге болады

25.02.2023 | 01:25
Елорда ақпарат
66

Осыған байланысты, тұтынушыларды өз қаражатын үнемдеу мақсатында үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнатуға шақыруды жалғастыруда.

Жылыту ақысын қалай үнемдеу керектігін жақсы түсіну үшін жылумен жабдықтау қызметтері үшін төлем мөлшерін есептеу тетігі туралы көбірек білу қажет.

Жылу энергиясын жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет үшін төлемақы мөлшерін есептеу тетігі табиғи монополиялар туралы заңнамада айқындалған.

Осы заңнамаға сәйкес табиғи монополия субъектісі тарифтік реттеуші бекіткен тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуға міндетті.

Ең маңызды аспект жылумен жабдықтау қызметіне арналған тариф тұтынушының есепке алу аспабының болуына немесе болмауына байланысты сараланады. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабы болған кезде жылу үшін ақы төлеу мөлшері ай сайынғы көрсеткіш пен бекітілген тариф негізге алына отырып айқындалады.

Ал, үйге ортақ есепке алу аспабы болмаған жағдайда жылуға ақы төлеу мөлшері жергілікті атқарушы орган бекітетін есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тұтыну нормасына және тарифтік реттеуші бекіткен тарифке сүйене отырып, есептеу жолымен айқындалады. Бұл ретте, мұнда жылуды есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тариф қолданылады.

Сонымен қатар ҰЭМ ТМРК есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне арналған тариф есепке алу  аспаптары бар тұтынушыларға қарағанда жоғары екенін атап өтті.

Бүгінгі күні астанада және республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда жылу энергиясын үйге ортақ есепке  алу аспаптарымен жарақтандырылуы 27,3%-дан 100%-ға дейін (мысалы, Нұр – Сұлтан қаласында («Астана-Теплотранзит» АҚ) - 99,4%, Алматы қаласында («Алматы жылу желілері» ЖШС) - 97%).

Сондай-ақ, жылу энергиясын есепке алу үшін үлгілері өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген, өлшем құралдарын бастапқы немесе кезеңдік салыстырып тексеру құралы құжаттары бар коммерциялық есепке алу аспаптары пайдаланылады (Жылу энергиясын пайдалану қағидалары). Жылу энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарын күтіп ұстау, техникалық қызмет көрсету және салыстырып тексеру теңгерімдік тиесілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары мемлекеттік метрологиялық қызметпен, сондай-ақ осы қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен есепке алу аспабының түріне байланысты 4-5 жылда 1 рет жүзеге асырылатын салыстырып тексеруге жатады.

2021 жылы «Астана Теплотранзит» АҚ-ның  деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлерде орнатылған 1516 үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 247 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды. Ал «Алматы жылу желілері» ЖШС-ның деректері бойынша Алматыда 332 үйге ортақ  жылу энергиясын есепке алу аспабына тексеру жүргізу талап етілді, алайда 164 жылу энергиясын есепке алу аспабы тексеруден өтпеді және тиісінше тексеру мерзімі аяқталды.

Осыған байланысты, есепке алу аспаптарын тексеру мерзімдері өткен тұрғын үйлерде қазіргі уақытта ақы төлеу тұтынудың бекітілген нормасы бойынша жүргізіледі (жергілікті атқарушы органдар бекітеді), бұл үйге ортақ есепке алу аспаптарының ай сайынғы көрсеткіштері негізге алына отырып жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

Сондай-ақ, 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үйлерінде орнатылған тағы 1048 жылуды есепке алу аспаптарын және Алматы қаласындағы 2610 жылуды есепке алу  аспаптарын тексеру қажет екенін хабарлағым келеді.

Сондай-ақ ҰЭМ ТМРК тұтынушылардың назарына Қазақстан Республикасының Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес мүлік иелерінің бірлестіктері немесе жай серіктестіктің сенім білдірілген тұлғасы не көппәтерлі тұрғын үй басқарушысы немесе басқарушы компания (ПИК) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу  аспаптарына уақтылы тексеру жүргізуді қамтамасыз ететіндігін жеткізеді.

Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу  аспаптарымен жылу энергиясын есептеу салқындатқыштың температурасына байланысты анықталады, сондықтан ауа-райына байланысты жылумен жабдықтау параметрлерінің өзгеруіне байланысты жылу энергиясын біркелкі тұтыну мүмкін емес.

Осылайша, жылу энергиясы үшін ақы төлеу ай сайын ауа-райына байланысты өзгереді, сыртқы ауа температурасы неғұрлым төмен болса, жылу энергиясын тұтыну көлемі соғұрлым жоғары болады, демек, жылумен жабдықтау қызметтеріне төлем жоғары болады.

Енді қалай үнемдеуге болады деген сұрақ туындайды?

1. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын орнату.

Тұтынушы үшін үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарының  болуы тиімді, себебі жылумен жабдықтау қызметтерін үнемдеуге мүмкіндік береді.

2. Үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабына уақытылы тексеру жүргізу.

Тұтынушылар ПИК немесе МИБ бірлесіп есепке алу аспаптарын тексеруді уақтылы жүргізуі қажет, себебі тексеру мерзімі өткен жағдайда жылу үшін төлем бекітілген тұтыну нормасы бойынша жүргізіледі, бұл үйге ортақ  есепке алу аспаптарын ай сайынғы көрсеткіштері негізінде жүргізілген төлеммен салыстырғанда жоғары.

3. Жылу энергиясын тұтынуды реттеу.

Тұтынушылар тұрғын үйлердегі терезелерді ашқан кезде жылудың ауаға «ұшып кетуіне» жол бермеуі керек.

Жылу энергиясын тұтынуды үнемдеу үшін ҚР ҰЭМ ТМРК тұрғын үйдің жауапты тұлғасына жылу энергиясын тұтынуды сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты және температура кестесіне сәйкес реттеуді ұсынады, атап айтқанда температура көтерілген (+) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды азайту, ал төмендеген (-) жағдайда жылу энергиясын тұтынуды арттыруға ұсынады.

Аталған шаралар жылыту кезінде сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты тұрғын үйдің тым жылытуына жол бермеуге және жылумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеуге тұтынушылардың қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда баяндалғандардың барлығын ескере отырып, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін  монополист-субъектілерді, сондай-ақ қызмет көрсетуші ұйымдарды (ПИК, МИБ, БК және т.б.) халықпен жылу энергиясын ұтымды пайдалану, жылу үшін ақы  төлеуді есептеу бойынша белсенді диалог жүргізуге және есепке алу аспаптарының болуының ұсынылатын қызметтер құнына әсерін жүргізуге шақырамыз.

Барлық жаңалықтар