00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде DiDi такси қызметінің жұмысы тоқтайды

25.02.2023 | 01:02
Елорда ақпарат
44

Компания өкілдерінің айтуынша, оған нарықтық жағдайлардың өзгеруі себеп болып отыр. Сонымен қатар аталған компания өз жұмысын Ресейде де тоқтатуға шешім қабылдаған.

Бүгін, Ресейде DiDi іске қосылған сәттен бастап бір жарым жыл және Қазақстанда іске қосылған сәттен бастап бір жылға жуық уақыт өткен соң, біз 2022 жылғы 4 наурызда осы нарықтардағы жұмысымызды тоқтатамыз. Біз әрқашан жоғары сапалы, бірақ, сонымен қатар, қала тұрғындарына қолжетімді технологиялық сервистерді, сондай-ақ, жүргізушілер мен серіктестер үшін өз саласындағы ең жақсы мүмкіндіктерді ұсына отырып, күнделікті өмірді жеңіл әрі ыңғайлы ету мақсатымыз деп білдік. Өкінішке қарай, нарықтық жағдайлардың өзгеруіне және басқа да қиындықтарға байланысты бүгінде біз Ресей мен Қазақстанда жақсы нәтиже көрсете алмайтынымыз белгілі болды, - деді компания өкілдері.

Барлық жаңалықтар