00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қандай өнімдерді пісірер алдында жууға болмайтыны белгілі болды

25.02.2023 | 00:13
Елорда ақпарат
44

РЕН ТВ мәліметінше, зиянды микроорганизмдерді тек жоғары температура ғана жоя алады. Ет пісірер алдында сарапшылар ет шырынын майлыққа сіңіріп алуға кеңес береді. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу керек.

Кейбіреулер жұмыртқа пісірген кезде де жууға дағдыланған. Су кір мен бактерияларды жояды деп санайды. 

Алайда мамандар жуған кезде қабығындағы барлық зиянды микроорганизм жұмыртқаның ішіне сіңіп кететінін айтады.

Сондай-ақ сарапшылар саңырауқұлақтарды ұзақ уақыт жумау керектігін алға тартып отыр. Өйткені олар суды тез сіңіреді. Сондықтан шайып, дереу қағаз сүлгімен сүрткен дұрыс.

Барлық жаңалықтар