00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Соңғы рет троллейбустан көрдік»: Алматылық тұрғын итіне іздеу салып жатыр

24.02.2023 | 23:55
Елорда ақпарат
19

КТК телеарнасының сюжетінен белгілі болғандай, қала тұрғындары Сэнди атты итті қоғамдық көліктен көрген. Алайда үй жануарының неліктен жалғыз болғаны ешкімде сұрақ тудырмаса керек. Қазір иелері сегіз жастағы иттерін іздестіруде. 

Ирина Лустоға итін іздеп жүргеніне бір жарым ай болған. Ол барлық базарды, жылу трассалары, ит аулау қызметтері мен жануарларға арналған паналарды аралап шыққан. 

Ит Жаңа жыл түнінде, Мақатаев-Мұратбаев ауданындағы ауладан түңгі сағат 03:00 шамасында жоғалып кетті. Серуенге шығып едік. Достарыммен тұрғанда көңілім басқа жаққа ауып кетті. Дәл сол уақытта отшашу атылған. Ол қорқып қашып кеткен. Сэндидің қай бағытқа кеткенін де көрмей қалдық, - дейді Ирина Лусто. 

Әлеуметтік желіде иттің Алматы орталығынан көргендерін айтып, бірнеше рет жазған екен. Кейбірі жануарға тамақ та берген. Бірақ кейін ит белгісіз бағытқа кетіп қалған. Итті қоғамдық көліктен де байқаған. Қаланы аралаған Сэндимен жолаушылар суретке түскен екен. 

Әлеуметтік желіні қарап отырамыз. Сөйтіп, итімізді байқап қалды. Ол троллейбуста болғанда жас жігіт видеоға түсіріп алыпты. Жексенбі күні кеші 22:00 болу керек. Жігіт троллейбустың нөмірін берді. Сол түні біз паркке бардық. Жүргізушінің ауысымнан келгенін күттік, бірақ троллейбуста ит жоқ екен. Содан кейін итіміздің Абай-Тұрғыт Озал көшесінде екені жайлы суреттер мен хабарламалар келді, - деп қосты иттің иесі. 

Сэндиді күшік кезінен асыраған екен. Ирина Лусто үмітін әлі үзбеген, итінің табылатынына сенімді. Ол іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрайды. Ал тапқан адамға жақсы сыйақы бар дейді.

Барлық жаңалықтар