00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Үйінде жалғыз қалған оқушы қызды зорлаған Ақтөбе тұрғыны 22 жылға сотталды

24.02.2023 | 23:13
Елорда ақпарат
31

Сотталушы Б.Н.Нұржановқа жас балаға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны ( ҚР ҚК-нің 121-бабының 4-бөлігімен ) және қамақтан қашқаны үшін (ҚР ҚК-нің 426-бабының 1-бөлігімен) айып тағылып, қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толығымен мойындап, өкінгенін айтты.

Мемлекеттік айыптаушы соттан Б.Н.Нұржановқа 20 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Қылмыстық кодекстің 426-бабы 1-бөлігі үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Жазаны тағайындау кезінде сот Б.Н.Нұржановтың бұрын ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін сотталғанын және кәмелет жасқа толмаған балаға қатысты жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескерді. Сот Б.Н.Нұржановты кінәлі деп танып, оны 22 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Барлық жаңалықтар