00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Қазатомпромнан» бағалы заттар тонаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

24.02.2023 | 22:59
Елорда ақпарат
21

Ұйымдасқан қылмыстық топ жанармай мен өзге де бағалы заттарды шығаруға әрекет жасаған кезде ұсталды. Топта 10-нан аса адам болған, оның ішінде сотталғандар мен деструктивті діни ағым өкілдері бар. Жедел ақпарат бойынша олар ай сайын он миллион теңге көлемінде мүлік тонаған. Тоналған заттардың радиациялық қаупі мен тасымалдау, сақтау талаптарының сақталмауы қылмыскерлерді тоқтатпаған.

Сондай-ақ олар бопсалау, кәсіпкерлерге «қамқорлық жасаумен» және рэкеттікпен айналысқан.

Криминалдық ортада өздерінің ұстанымдарын нығайту үшін қару қолдана отырып, есеп айырысулар жасаған. Тінтулер барысында қылмыскерлерден есірткілер, атыс қаруы, күмәнді діни әдебиет, қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат, «қара бухгалтерия» блокноттары және «Қазатомпром» кәсіпорындарынан ұрланған материалдық бағалы заттар табылды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 197 (Мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау және сатып алу), 287 (Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату және сақтау) және 296 (Есірткі құралдарымен заңсыз іс-әрекет) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қалған фактілер бойынша дәлелдер жинау жүргізілуде.

Барлық жедел іс-шаралар прокурордың санкциясымен жүргізілді, кінәлі адамдар ұсталды және соттың санкциясымен тергеу изоляторына қамалды. 

Барлық жаңалықтар