00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгіленді

24.02.2023 | 22:58
Елорда ақпарат
33

2022 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31% немесе 28,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

2022 жылы ШЖК тартуға квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді: бірінші санат бойынша 1 243 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 13 887 және 3 421 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 302 адам тартылуы мүмкін.

2021 жылы жергілікті атқарушы органдар 18,2 мың бірлік мөлшерінде ШЖК тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсаттар берді және ұзартты, бұл белгіленген квотаның 64%-ын (29,3 мың) құраған. 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 14 932 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырды.

Барлық жаңалықтар