00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тұмауратып қалған кезде не істеу керек

24.02.2023 | 20:37
46

Маман ауыра салып, бірден дәріханаға жүгірмеу керектігін ескертеді. Оның айтуынша, барлық дәрі құрамында адам ағзасына зиянды ауыр металдар бар.

Антибиотик ішкен сайын иммунитетіміз түсіп кетеді. Керісінше иммунитетімізді көтеретін табиғи өнімдерді тұтыну керек. Адам ағзасы вирусты жеңе алады. Ал антибиотикті тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек, – дейді Ақнұр Қозыбаева.

Маман тұмаумен күресуде бірінші кезекте жиі су ішу керектігін айтты.

Тұмауратып қалсаңыз, көбірек су ішуіңіз керек. Су ағзадағы вирусты шығаруға көмектеседі, – дейді маман.

Нуртициолог сумен бірге зімбір мен сарымсақтың да пайдасы зор екенін атап өтті.

Екінші, зімбірді пайдалану керек. Суға қосып ішсе болады, дәмдеуіш ретінде де тұтыну керек. Вирусты жоюға көмектесетін үшінші ғажап өсімдік – сарымсақ. Сорпаға қосып ішуге болады, сарымсақты ұнатпайтындар бананға езіп жесе де болады. Қызылшаны пісіріп, сарымсақпен араластырып салат ретінде тұтынуға кеңес беремін, – дейді Ақнұр Қозыбаева.
Барлық жаңалықтар