00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

МӘМС: Бір айда 3,7 млрд теңгеге жуық жарна түсті

24.02.2023 | 19:40
Елорда ақпарат
36

Жыл басынан бері МӘМС үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 37,7 млрд теңгеден аса жарна аударымдары түскен.

Елорда бойынша 2017 жылғы 1 шілде мен 2021 жылғы 30 қараша аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 95,8 млрд теңгеден аса соманы құрады.

Биылғы қарашада медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,7 млрд теңгеге жуық жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары – 1,73 млрд теңге, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1,94 млрд теңге. Осы аралықта бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған МӘМС жарналары 9,3 млн теңгеге жуық сомаға жеткен.

“МӘМС үшін түскен барлық жарна аударымы сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес Ұлттық банкте сақталып, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі”, – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Барлық жаңалықтар