00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

А.Перуашев: «Қаражат зейнетақы қорының меншігі емес»

24.02.2023 | 19:39
Елорда ақпарат
39

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қадамын сынға алған халық қалаулылары салымшылардың сеніміне селкеу түсті дейді.

«Қоғамды дүр сілкіндірген резонанс Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларымен кері байланыс жоқтығын көрсетеді. Бұл қаражат зейнетақы қорының меншігі емес. Бұл – миллиондаған адамның маңдай тері. Екіншіден, жұрттың зейнетақы қорының табыстылығына қатысты сұрағы көп. Халық өз қаражаты құнсызданып бара жатқан соң, қордан алып, қажетіне жұмсап жатыр. Соған байланысты қор қаражатты басқару жөнінде ашық жұмыс істеуі тиіс. Себебі, салымшылар оған сенуі керек. Өкінішке қарай, мұндай әрекетті көріп тұрған жоқпыз», – деді «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Депутаттардың айтуынша, зейнетақы қоры шекті қаражат мөлшерін жарияламас бұрын Үкіметпен, салалық министрлікпен талқылау өткізу қажет еді. Керек болса қоғамдық талқылау жүруі тиіс. Мәжілісмендер бұл математикалық формуламен есептеп қабылдай салатын шешім еместігін, әрбір қаражаттың артында мыңдаған адамның тағдыры тұрғанын айтады.

Зейнетақы қорындағы өзгерістер туралы естіген жұрт қордың платформасы арқылы салымдарын алуға асықты. Үш күнде 46 мың адамнан өтініш түсіп рекорд орнатқан. Қор мұны әлеуметтік төлемдердің өсуімен түсіндірген. Бірақ сарапшылар шекті мөлшердің ұлғаюын зейнетақы қорының мүшкіл жағдайымен байланыстырады.

Барлық жаңалықтар