00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионы атанды

24.02.2023 | 19:12
Елорда ақпарат
36

“Жарыста қазақстандық Юрий Носов қарсыластарына есе жібермей, өз шеберлігін көрсетіп, топ жарды. Сонымен қатар 23 жасқа дейінгі спортшылар санатында Данил Гайнуллин де турнирде ең көп ұпай (16) жинап, алтынды олжалады. Толық зағип спортшылар арасында Болат Жанымхан күміс медальге қол жеткізді. Сондай-ақ әйелдер арасындағы бәсекеде Зинятқыз Нүсіпбаева жарыстың үздік үштігінен көрініп, қола жүлдеге ие болды”, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, дүбірлі додада Қазақстан, Түркия, Ресей, Германия, Украина, Польша, Әзербайжан, Өзбекстан елінен жиналған 60-тан астам спортшы бақ сынады.

 

 

Барлық жаңалықтар