00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қызылордалық жігіт әлеуметтік желіде танысқан қызды достарымен келіп тонап кетті

24.02.2023 | 18:42
Елорда ақпарат
31

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына әйел хабарласқан. Онда белгісіз азаматтың оның үйіне келіп, қорқыту арқылы ұялы телефоны мен ақшасын тартып алып кеткені айтылған.

«Азаматша әлеуметтік желіде бір азаматпен танысып, оны үйге шақырған. Арада 30 минуттай өткенде үйге танысқан жігіт пен оның досы келген. Артынан тағы екі азамат кірген. Төртеуі қызды қорқытып, телефоны мен ақшасын тартып алып кеткен», – дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) тіркелген. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Барлық жаңалықтар