00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Вакцина салдыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы орынға шықты

24.02.2023 | 18:37
Елорда ақпарат
26

«20 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I-компонентін 8 620 968 адам, II-компонентін 7 929 289 адам салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында, өңірде 1 017 422 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 953 289 адам екінші компонентін салдырған», - делінген хабарламада.

Екпе алудан екінші орында – Алматы қаласы. Қалада 1 016 192 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 969 014 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 903 863 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 859 709 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Барлық жаңалықтар