00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада ерекше қажеттілігі бар жандардың шығармашылық байқауы өтті

24.02.2023 | 18:34
Елорда ақпарат
40

Ән, би, өлең оқу, музыкалық аспаптарда ойнау, stand-up, қолөнер сынды 7 бағыт бойынша өткен бұл байқаудың мақсаты – паралимпиадалық құндылықтарды тарату, инклюзивті қоғамдастық құру және мүгедектігі бар адамдар арасында таланттарды анықтау. Байқауға республиканың әр өңірінен 200-ден астам ерекше қажеттілігі бар адам қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар, медальдар беріліп, арнаулы сыйлықтар табысталды.

Байқауды Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» спортты дамыту қоры ұйымдастырды.

«Шара өте тамаша өтті. Мүгедек жандардың жігеріне жебеу, талабына демеу берген бұл шарадан өте тамаша әсер алдым. Жарысты ұйымдастыруышларға алғысым шексіз. Мен де өз өнерімді көрсетіп, бақ сынауға келдім», – деді байқауға қатысқан Марат Жолдама.

                                                                 Қалиакбар Үсемханұлы

Барлық жаңалықтар