00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Әлемде көлік сатылымы 20%-ға төмендеді

24.02.2023 | 18:07
Елорда ақпарат
29

Салыстырар болсақ биылғы алты айдың қорытындысы бойынша жылдық өсім 29,4%-ға жетті.

Сонымен қатар, Қазақстан 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеңіл көліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді 39%-ға көп сатты. Ресейде сату көлемі небәрі 21,3%-ға, Қытайда – 20,1%-ға, Жапонияда – 7,9%-ға, Германияда – 2,5%-ға ғана өсті.

Оның үстіне Оңтүстік Кореяда сатылым 3,4%-ға, ал көрші Өзбекстанда бірден 35,7%-ға төмендеген. Айта кететіні, Өзбекстандағы сатылымға жаһандық проблемалардан басқа Асака автомобиль зауытында монтаждау және іске қосу жұмыстарына байланысты 15 шілдеден 21 тамызға дейін UzAuto Motors өндірісінің уақытша тоқтатылуы да әсер етті.

Қазақстанда биылғы сегіз айда жаңа жеңіл автокөліктер мен жеңіл коммерциялық көліктерді сату 73,4 мың бірлікті құрады. Яғни, көрсеткіш 39% өсті. Сатылымның мұндай жылдық өсімі өткен жылдардағы көрсеткіштерден айтарлықтай асып түседі. Мәселен, 2020 жылы өсім 21,9%, 2019 жылы - 19,6% болды.

Дегенмен, әлемдік жағдай ел нарығына да әсер етті. Мысалы, қыркүйекте еліміздің дилерлері 10,5 мың жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық көліктерді сатқан, бұл бір жыл бұрынғыдан небәрі 3,3%-ға ғана артық.

Барлық жаңалықтар