00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада кәсіпкерлермен жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

24.02.2023 | 17:41
Елорда ақпарат
23

Іс-шараға елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ілияс Базилов, Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне мониторингтік топтардың қызметіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері шығарылды.

Кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша, «Бүгінгі таңда мониторингтік топтар жұмысының жаңа алгоритмі енгізілді. Енді мониторинг InfoKazakhstan порталында тіркелгеннен кейін жүргізіледі. Кәсіпкерлер QR-кодты оқудың және тексеру актісімен танысудың көмегімен тексеру жүргізудің заңдылығына көз жеткізе алады».

Өз кезегінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлік субъектілерін тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша мониторинг жүргізу кезінде мониторингтік топтардың заңсыз іс-әрекеттерін жасауға ықпал ететін жағдайларды жоюға бағытталған бірқатар ұсынымдар әзірленді.

Барлық жаңалықтар