00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда бірнеше өңір әкімдігінің лауазым иелері әшкереленді

24.02.2023 | 17:30
Елорда ақпарат
30

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы ауқымды операциясы нәтижесінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынысты бөлімшелер мен ұйымдардың және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының және Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстары, ШҚО, БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстарының әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын қылмыстық топтар әшкереленді. Олар субсидиялауға бөлінген қаражатты жымқырумен айналысқан.

«Кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара мен заңсыз сыйақы алудың жемқорлық схемасын ұйымдастырған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдер алынды. Қылмысқа қатысы бар 30-дан астам адам анықталды, олардың көпшілігі қазір кінәсін толық мойындап, тергеу тобымен ынтымақтастық орнатуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев.

Бұған дейін хабарланғандай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі субсидиялау саласында кешенді талдау жұмыстарын бастады. Аталған құқықбұзушылық та сол амалдар аясында анықталып отыр.

Барлық жаңалықтар