00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Илон Маск әлем тарихындағы ең бай адам атанды

24.02.2023 | 17:09
Елорда ақпарат
39

«Forbes» дүйсенбі күнгі қор биржасының жабылуында Илон Маск активтерінің таза құнын 271,3 млрд долларға бағалады. Бұл «Tesla» акцияларының 13 пайызға қымбаттауына байланысты жұма күнгі жабылумен салыстырғанда 41,7 млрд долларға көп. Оның таза капиталы бір күнде 41 млрд-қа өсті. Нәтижесінде Илон Масктың дәулеті 300 млрд-қа жақындады.

Салыстыратын болсақ, «Amazon» компаниясының негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры Джефф Безос қазан айының басында «Forbes» нұсқасы бойынша Американың ең бай адамдарының рейтингісінде көш бастаған болатын. Оның байлығы “бар-жоғы” 201 млрд АҚШ долларына бағаланды.

Айта кетейік, кеше «Tesla» автоконцерні автокөліктерді жалға берумен айналысатын «The Hertz Corporation» компаниясымен құны 4 млрд доллар болатын келісімшартқа отырды. Осыдан кейін «Tesla»-ның акциясы бірден 15 пайызға артты.

Барлық жаңалықтар