00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Жаңа технологияны меңгермесек, 40 пайыз жұмыс орны босап қалуы мүмкін – ғалым

24.02.2023 | 17:06
Елорда ақпарат
57

Ғалымның пайымынша, жаңа заман жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Дәлірек айтқанда, жаңа технологияның келуімен жаңа жұмыс орындары пайда болып, сәйкесінше бұрынғы мамандықтар қажет болмай қалады.

«Технология бәріміз үшін жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Мәселен, жұмыс орындарының 40 пайызы жаңа бағытқа көшіп, көп адам бұрынғы жұмыс орындарынан айырылып қалуы мүмкін. Сол себептен адамдардың бәсекеге сай болуы үшін  жаңа дағдыларды игертіп, оқытуымыз қажет. Біз жаңа өзгеріске дайын болуымыз қажет», – деді Л. Хуэй.

Сарапшының сөзінше, әлемнің дамыған елдерінде қызметкерлердің 50 пайызы заманауи дағдыларды игеріп алған. Осы ретте, математикалық дағдылар мен үлкен деректерді оқу маңызды.

«Болашақта әртүрлі өзгерістер болады. Атап айтқанда, ақылды дизайнерлер сынды жаңа мамандықтар пайда болады. Технология үнемі дамып, өзгеріп отырады емес пе?! Соған сәйкес, жаңа ортаны интерактивті етіп, дамытуымыз қажет. Әсіресе жастарды оқытуымыз қажет. Оларға берер кеңесім, жаңа технологияны оқыңыздар», – деп атап өтті ғалым.

Эксперттің айтуынша, жаңа технологиялар индустриалды дамуға, экономикалық тиімділікке әсерін тигізіп жатыр.

«Жаңа деректерді қолдану адамдар мен экономика үшін құнды десем болады. Әсіресе жасанды интеллектіні енгізу арқылы  экономикалық өсімді қамтамасыз етуге болады.  Бұдан байқағаным, қазіргі кезде осындай жаңа деректердің маңыздылығы арта түсті», – деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми-білім беру іс-шарасы, Нобель фестивалі 2021 жылғы 26-29 қазан аралығында "Болашақ бүгіннің өзінде" негізгі тақырыбымен өтіп жатыр. Nobel Fest Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілуде.

Барлық жаңалықтар