00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Алдағы қыс қандай болады: Қазгидромет болжамы

24.02.2023 | 16:30
Елорда ақпарат
39

Қараша айының бірінші жартысы жылы болады деп болжанып отыр.  Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -3+2°С-тан -8-13°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан -2+3°С-қа дейін ауытқуы мүмкін. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында екпінді жел соғып, жауын-шашын болады, онкүндіктің соңында жиілейді. Көктайғақ пен тұман бір ай бойы жиі байқалады. Айдың екінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -17-25°С-қа дейін, күндіз -8-13°С-қа дейін, ал еліміздің шығысында түнде -30°С-қа дейін, күндіз -18°С-қа дейін төмендейді.

Қаңтар айында Моңғолия аймағынан антициклонының әсері күшейе түседі. Түнгі сағаттарда термометр бағаны еліміздің солтүстік жартысында -35-40°С-қа дейін, оңтүстігінде -22-30°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Орташа айлық ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1-2° төмен, еліміздің қиыр батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында норма шамасында болады. Республика бойынша жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан аз, еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және Алматы облысының оңтүстік-шығысында - норма шамасында болжанады.

Ақпан айында Қазақстанның солтүстік жартысында қар мен боран сақталады. Орташа айлық ауа температурасы еліміздің басым бөлігінде норма шамасында, республиканың оңтүстік-шығысында нормадан 1° жоғары болады деп болжануда. Жауын-шашын еліміздің оңтүстік-батыс жартысында, Орталық Қазақстанның батысында нормадан аз, республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болжанады.

Наурыз айында ауа-райы қатты өзгереді деп күтілуде. Бұл айы ауа температурасының күрт ауытқуымен және жиі жауын-шашынның түсуімен сипатталады. Болжам бойынша көктемнің алғашқы айы суық болады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° төмен, ал ҚР-ның қиыр батысында норма шамасында болады деп күтілуде. Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың солтүстік жартысында және қиыр оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында норма шамасында, елдің оңтүстік жартысында нормадан аз болады деп болжанады.

Барлық жаңалықтар