00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

1,5 млн теңгенің дәптері: антикор тағы бір былықтың бетін ашты

24.02.2023 | 16:16
Елорда ақпарат
120

Бұл жайт мемлекеттік уеб-порталды қарап отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандарының назарына іліккен. Сөйтіп “қымбат дәптер” әкімдіктегілердің қолына тимейтін болды.

Жыл басынан бері осы тектес 70 дерек анықталып, 3 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделген екен.

Қызылорда қалалық әкімдігінің жылу желілерін ауыстырамыз деген желеумен болмашы бөлшектерді 147 миллион теңгеге бағалап жібергені де анықталды. Арал ауданында жақын қашықтыққа сумен жабдықтау құбырын жүргізу және желі бойына ғимаратты салуға жарты миллиардтай теңге сұраған. Күдік туғызған жоба қайта есептеуге жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары басшылар арасындағы көз қысты, бармақ басты әрекеттердің басым бөлігі қарапайым азаматтардың айтуымен әшкереленетінін жеткізді.

Барлық жаңалықтар