00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Туроператорлар қызмет ету лицензиясын қайта ресімдеуі қажет

24.02.2023 | 16:13
Елорда ақпарат
30

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру ЭЦҚ-ны (электрондық цифрлық қолтаңба) қолдану арқылы www.elicense.kz порталында жүзеге асырылады.

 Лицензияны алу және қайта рәсімдеу алгоритмі төмендегідей:

1. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу, кейін жаңа терезеде «Электронды лицензиялау» порталы ашылады.

2. Жүйеге кіру немесе «Электронды лицензиялау» порталына тіркелу.

3. Қызмет паспортында құжаттар пакетімен танысып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басу. Онда қажетті қосалқы қызмет түрін таңдап, «Әрі қарай» түймесін басу.

4. Бос жолақтарға қажетті мәліметтерді белгілеу, өтінімді толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.

5. Жіберілген өтінімнің статусын «Жеке кабинеттегі» «Менің өтінімдерім» бөлімінен бақылауға болады. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсат берілген құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы – «Менің хабарламаларым» бөлімінен білуге болады.

Лицензияларды елорда, облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары береді.

Барлық жаңалықтар