00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Дәрігерлердің орташа жалақысы жаңаша есептеледі

24.02.2023 | 16:13
Елорда ақпарат
49

«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №908 бұйрығына  бірқатар өзгерістер енгізілген.

Аталмыш құжатта медицина қызметкерінің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы кезіндегі жұмыс уақытының теңгерімін негізге ала отырып есептеледі делінген.

Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде қызметкердің орташа жалақысы орташа сағаттық жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының балансына сүйене отырып, жұмыс сағаттарының орташа жылдық санына көбейту арқылы есептеледі.

Түсіндірілгендей, жұмыс уақытының жиынтық есебі ауысымдық жұмыста, вахталық жұмыс әдісінде қолданылады. ҚР қолданыстағы Еңбек кодексінде ауысымдық және вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлерге олардың ауысымаралық, вахтааралық демалысына еңбек демалысын беруге тыйым салынбаған.

Құжат жобасы 28 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Барлық жаңалықтар