00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

17 қазаннан бастап вакцина алмағандарды жұмысқа кіргізбейді

24.02.2023 | 15:50
Елорда ақпарат
32

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға" толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

49-тармақ 11 және 12-тармақшалармен толықтырылды:

11) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитар дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакцина алған жұмыскерлерге кеңсеге барып жұмыс істеуге рұқсат беру;

12) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас санитарлық дәрігерлері белгілеген ұйымдарда/объектілерде COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған жұмыскерлерді міндетті ПТР-тестілеу (7 күнде 1 рет), тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып шыққан адамда медициналық анықтама болған жағдайда кеңседен жұмыс істеуге жіберу.

Бұйрық 2021 жылдың 17 қазанынан күшіне енеді.

Барлық жаңалықтар