«Жасыл ел» сарбаздарының қатары көбейіп келеді
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/briff_d67388ed07.jpg)
Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту туралы» брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласының коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы жастардың экологиялық шараларға қатысуына әрдайым мән беруде. Мысалы, Линейный саябағында ол «Жасыл Астана» акциясы аясында 30 жуық белсенділермен ағаш отырғызу шарасына қатысып, жастарға өз тілектерін жеткізді, қаламызды көркейтуге бағытталған жоспарлармен танысты.
Жасөспірімдер мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғау, оны аялау сезімдерін ұялату, сонымен қатар, жастарды еңбекке баулу мақсатында Басқармамен «ЖАСЫЛ ЕЛ» бағдарламасы іске асырылады.
«Жасыл ел» бағдарламасы 2005 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Биыл бұл жобаның ОН ТОҒЫЗЫНШЫ маусымы.
Бағдарламаның басты шарты – жас ерекшелігі, яғни 14-тен 35 жасқа дейінгі мектеп оқушылары, студенттер және жұмыссыз жастар қатыса алады.
Жыл сайын «Жасыл ел» сарбаздары қатарында жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жастардың саны артуда.Олар қаламыздың құрылыс нысанында әр түрлі санаттағы шеберлердің (құрылыс инженерлері, технологтар, монтаж-құрылыс жұмыстарының шеберлері) көмекшісі қызметтерін, қала маңындағы «жасыл белдеуде» ағаш отырғызу, талдар мен көшеттерді қопсыту және суару (сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, кәдімгі қарағай, көде, боз жиде, терек), ағаштар мен көшеттерге күтім жасау жұмыстары арқылы табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйенің қалыптасуына және қала саябақтарының жасыл желегінің күтімімен айналысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жазғы еңбек маусымында жастарды жұмыспен қамтуға «Базис-А» құрылыс компаниясы, «Астана көгалдандыру құрылысы» АҚ, «Астана орманы» ЖШС, 100-ден астам білім беру мекемелері, 20-ға жуық колледж және 10-нан астам жоғару оқу орындары серіктес болуға келісім беріп отыр.
Былтыр нақты айтқанда 4208 жас жұмыспен қамтылса, биыл да 4200 жасөспірімдер мен жастарды қамту көзделген және ол көрсеткішке басқарма жетіп отыр. Олардың қатарында көпбалалы отбасыларының, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары, сонымен қатар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар.
Мысалы, осы айда 1788 жастар жұмыс істеуде: арасында «Базис А» құрылыс компаниясында істейтін жұмыссыз жастар, саябақтарда істейтін студенттер мен оқушылар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да бар.
Жұмыссыз жастар құрылыс компанияларына орналасса, жұмыс орыннан жалақы алады, сонымен қатар, «Жасыл ел» жобасы аясында қосымша 65 мың теңге көлемінде сыйақы тағайындалады. Жұмыс уақыты - 8 сағат.
14-17 жас аралығындағы жастар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, денсаулықтарына зиян тигізбейтін, ауыр емес, күніне 4 сағаттан артық емес жұмысқа жұмылдырылады. Балалар елорда саябақтарында, өз мектептерінің ауласын көгалдандыруға, мектепке қарасты аймақтарды тазалау жұмыстарын атқарады.
Жобаға қатысатын жастардың барлығы арнайы экипировкамен қамтамасыз етілген.
Қосымша ақпарат бойынша: @elorda_jastary инстаграм парақшасына жазуға болады.
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)