00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

04.07.2024 | 19:02
Торғын Аман
121
Елордада су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
фото: www.gov.kz

Елорда су айдындарында қайғылы оқиғаларды болдырмау мақсатында Астана қаласының ТЖД полиция, Ұлттық ұлан қызметкерлері және еріктілер  су айдындарында алдын алу шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық ТЖД базасында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері комитеті төрағасы орынбасарының у.м.а. полковник А.Қ. Ахметжановтың төрағалығымен өткен рейдтік іс-шараларда жеке құрамға нұсқау берілді. Рейд  барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына үгіт-насихат жадынамалары мен брошюралар таратылып, су айдындарындағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері түсіндіріледі.

«Сондай-ақ, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілері анықталған кезде олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Биылғы шомылу кезеңінің басынан бастап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес 31 жеке тұлға және қоғамдық орындарда алкоголь ішу ережелерін бұзғаны үшін 42 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар