00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

«Таза Қазақстан»: Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан»: Астанада экоакция кезінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ашық дереккөз

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акция аясында 300-ден астам адам полигон маңайында тазалық жұмысын ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара мердігер ұйымдардың, жергілікті белсенділердің, аудандық әкімдік қызметкерлерінің және Қорғаныс министрлігінің «68665 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі сарбаздарының белсенді қатысуымен өтті.

Сонымен қатар, тазалық жұмысына 15 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды.

Бірлескен күш-жігердің нәтижесінде 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды, - делінген хабарламада.

Айта кету керек, ауқымды экоакция аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәрізі, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, жасыл желектерді күтіп-ұстау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою жұмыстары атқарылды.

Барлық жаңалықтар