00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Сығанақ көшесінің бір бөлігі жартылай жабылды

22.05.2024 | 19:03
130
Сығанақ көшесінің бір бөлігі жартылай жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

LRT құрылысын жүргізу жоспарына сәйкес, Сығанақ көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру уақытша өзгертіледі. Астана қаласы Полиция департаментінің келісімі бойынша:
- 22 мамырдан 20 маусымға дейін Сығанақ көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Қазақ радиосы көшесіне дейінгі аралығындағы қозғалыс ішінара жабылды. Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылына қарай қозғалыс ашық болады;

- 24 мамырдан 20 маусымға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік ел даңғылындағы көлік айрығына дейінгі аралығындағы қозғалыс жолақтарын тарылту арқылы ішінара шектеу енгізіледі.

Елорда қонақтары мен тұрғындары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар