00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Мәслихат депутаттары Астананың жаңа ауданының атауын бекітті

19.06.2024 | 15:14
Торғын Аман
143
Мәслихат депутаттары Астананың жаңа ауданының атауын бекітті
фото: Ерлан Каналимов/ Instagram

Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Астананың алтыншы ауданының атауын бірауыздан бекітті. Жаңа аудан «Сарайшық» деп аталмақ. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ономастикалық комиссия қарауына жаңа аудандар атауына қатысты 15 ұсыныс келіп түскен.

«Олардың ішінен  Жерұйық, Сарайшық, Сауран және Тұран деген атаулар іріктеліп алынды. Сарайшық - ежелгі тарихи маңызы бар Қазақстан аумағындағы басты қалалардың бірі. Бір кездері бұл Алтын Орданың, содан кейін Қазақ хандығының астанасы болды», - деп жазды Ерлан Каналимов.

Бұдан басқа, мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астананың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру туралы есеп қабылданды. Бүгінгі күні жоспарланған 23 іс-шараның 14-і орындалған.

Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Кендебай Адамбек таныстырған бюджеттің атқарылуының аралық қорытындыларын шығарды. Сондай - ақ, гүлзарлар, мектептер, жолдар, балабақшалар мен көшелер салу және мемлекеттік қажеттіліктер бойынша алынатын учаскелердің тізімі бекітілді.

Барлық жаңалықтар