00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады

05.07.2024 | 17:35
Олжас Сүлейменов
169
Тұран даңғылының бір бөлігі жартылай жабылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Хусейн бен Талал көшесінен Жұлдыз айналымына дейінгі учаскедегі Тұран даңғылында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қозғалыс 5 шілде сағат 20.00-ден бастап 15 шілдеге дейінгі аралықта ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) іске асырылатын болады, - делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Барлық жаңалықтар