00:00
Астана -10oC
USD:
465.28
EUR:
499.2
RUB:
5.33
Іздеу

Әкелер күні: елордада жас отбасыларға шеберлік сағаты ұйымдастырылды

Әкелер күні: елордада жас отбасыларға шеберлік сағаты ұйымдастырылды
ашық дереккөз

Елордада Әкелер күніне орай жас отбасылар үшін қыш құмыра жасау бойынша шеберлік сағаты өтті, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Шеберлік сағаты «Отбасы – бақыт мекені» іс-шаралар кешенінің аясында ұйымдастырылды. Artumar орталығында өткен шеберлік сағатына 35 жастан аспаған ерлі-зайыптылар қатысты.
Шара отбасындағы ауызбіршілік пен сыйластықты арттырып, өзара түсінісу мен ортақ көзқарас қалыптастыруға бағытталған.

Шығармашылыққа толы шеберлік сағатында жас отбасылар өз қолдарымен құмыра жасауды үйренді.
Әкелер күнінің негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды ілгерілету, мен «ынталы ата-ана болу» идеясын насихаттау.

Барлық жаңалықтар