00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскесінде жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты 16 маусымы сағат 12:00-ден бастап 17 маусым сағат 07:00-ге дейін аталған учаскеде жол қозғалысын толықтай жабу арқылы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы жабылатын болады.

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуларын қаперге берді.

Барлық жаңалықтар