00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Іздеу

Елордалық студенттерге Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы таныстырылды

05.04.2024 | 17:25
Елорда ақпарат
171
Елорданың 12 жоғары оқу орнында Сағадат Нұрмағамбетов туралы дәріс өтті
Фото: дереккөз

Астанадағы ЖОО-да ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің оқытушылары, Төтенше жағдайлар министрлігінің және Ұлттық ұланның жоғары оқу орнында оқитын әскери қызметшілері дәріс оқыды, деп хабарлады Elorda.info.

Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдығына арналған дәріс сабағы «Сағадат» әнімен басталды.

Соғыс батырларының мерейтойларына байланысты Мемлекет басшысының айтқан шараларын іске асыру үшін біздің университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттары «С.Нұрмағамбетовтің өмір жолы – жауынгерлік дәстүр сабақтастығының тарихы» деген тақырыпта дәріс дайындады. Іс-шараға екі жарым мыңнан астам адам жиналды. Осындай дәрісті биыл қазан айында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың жүз жылдығына орай өткізуді де жоспарлап отырмыз, – деді Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы, генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Осындай дәріс бір уақытта Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Қазақ ұлттық өнер университетінде, Қазақ ұлттық хореография академиясында, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, «Астана» медицина университетінде, Esil University, «Тұран-Астана» университетінде, Еуразия гуманитарлық институтында, Astana IT University, «Астана» халықаралық университетінде, Қазақ технология және бизнес университетінде, Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында және С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде өтті.

Ұйымдастырушылар іс-шара жастардың бойында өмірлік бағдарларды, патриотизмді, азаматтықты, Қазақстанның тарихы мен оның баға жетпес мұрасын қастерлеу сезімін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

Барлық жаңалықтар