00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Іздеу

Елордада көп қабатты ғимараттарда өрт-тактикалық жаттығу өткізілді

01.07.2024 | 15:34
Торғын Аман
150
Елордада көп қабатты ғимараттарда өрт-тактикалық жаттығу өткізілді
фото: www.gov.kz

Елордада биік ғимараттарда өрт қауіпсіздігінің алдын алу және ескерту жұмыстары жалғасуда. Осы іс-шара аясында елордалық өрт сөндірушілер 25 қабатты ғимаратта өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл оқу-жаттығудың мақсаты жеке құрамның жоғары қабатты ғимараттардың жоғарғы қабаттарына өнімділігі жоғары өрт сорғысы арқылы ғимараттың қасбетінің сыртқы жағынан жеңдік сызықтарды 25 қабатқа, «Розенбауер» сорғысы бар өрт автоцистернасынан 24 қабатқа жоғары қысымды оқпан арқылы және АК-54 автоколенка көтергішінің құрғақ құбырлары арқылы тік төсеу жолымен өрт сөндіргіш заттарды беру дағдыларын арттыру болып табылады.

Жалпы, қойылған міндеттер орындалды. Оқу-жаттығуға Астана қаласы ТЖД 7 бірлік техникасы мен жеке құрамның 42 адамы жұмылдырылды.

Барлық жаңалықтар