00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Іздеу

Астаналық мектепте Ғазиз Байтасов атындағы кадет сыныбы ашылды

23.05.2024 | 11:34
Олжас Сүлейменов
133
Астаналық мектепте Ғазиз Байтасов атындағы кадет сыныбы ашылды
Фото: ашық дереккөз

Астаналық полицейлер №85 мектеп-лицейде Ғазиз Байтасов атындағы Полицейлер аллеясы мен кадет сыныбының ашылу салтанатын өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Ашылу салтанатына Астана қаласы Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрам, республикалық «Жасыл ел» жобасының мүшелері қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға марқұм қызметкердің туыстары – ағасы Бақтыбек пен әпкесі Құндыз Байтасовтар шақырылды.

Бұл іс-шара жас ұрпақты нағыз ерлік пен жанқиярлық үлгілері арқылы тәрбиелеудегі маңызды қадам болып табылады. Кадет сыныптарының құрылуы мен жұмыс істеуі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, балалардың құқықтық дүниетанымын, жоғары рухани-адамгершілік және моральдық-психологиялық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді, - делінген ақпаратта.

Өзгенің өмірін сақтап қалу үшін өзін құрбан еткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында Жамбыл облысы ІІД Жол полициясы жеке батальонының бірінші взводының командирі Ғазиз Байтасов өзгелердің өмірі үшін өзінің жанын қиып, ауыр қылмыстың жолын кесті.

Ғазиз Байтасовқа Президент Жарлығымен Отан алдындағы ерекше қызметі, қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін оған қайтыс болғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Барлық жаңалықтар