00:00
Астана -10oC
USD:
467.29
EUR:
501.03
RUB:
5.35
Іздеу

Астаналық құтқарушылар ел кубогінің жеңімпазы атанды

17.06.2024 | 12:46
Олжас Сүлейменов
95
Астаналық құтқарушылар ҚР кубогінің жеңімпазы атанды
Фото: дереккөз

Өрт-құтқару спорты бойынша ҚР кубогінің VII турнирінің жабылу салтанаты және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

13 ерлер мен 12 әйелдер құрама командалары арасында 4 күнге жоспарланған жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Турнирдің қорытындысы бойынша ерлер арасында жалпыкомандалық есепте 1-орынды Астана қаласы, 2-орынды Қызылорда облысы, 3-орынды Ақтөбе облысының құрама командалары иеленді.

Ал әйелдер арасында бірінші орынды Түркістан облысы, екінші орынды Астана қаласы, үшінші орынды Алматы қаласының құрама командалары алды.  

Жарыстың қорытындысы бойынша жеке және командалық сынақтың жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Барлық жаңалықтар