00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Іздеу

Астанада ауқымды спорттық марафон басталды

Астанада ауқымды спорттық марафон басталды
Фото: Elorda.info

Елордада спортсүйер қауым үшін Astana Half Marathon іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info «Бірінші болу батылдығы» қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы іс-шарада әлемнің 20-дан астам елінен 6 000 спортшы жарысқа шығады. Марафоншылар қаланың ең көрнекі жерлерімен жүгіріп өтеді.

Astana Half Marathon-ы «EXPO 2017» көрмесінің алаңында басталды. Одан әрі қатысушылар қаланың орталық көшелерімен, «Бәйтерек» монументінің, «Хан Шатыр» сауда орталығының, Тәуелсіздік Сарайы мен «Ботаникалық бақтың»жанынан жүгіріп өтеді.

2022 жылдан бастап қордың іс-шараларының географиясы кеңейіп, Алматы ғана емес, Астана, Түркістанды да қамтыды. Біз алдымызға өршіл мақсат қойып отырмыз: еліміздің түкпір-түкпірінде жүгіруге деген сүйіспеншілікті ояту. Біздің миссиямыз – спорт пен белсенді өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жүгіруді барлық жастағы және физикалық мүмкіндіктері бар адамдар үшін қолжетімді әрі тартымды ету, - деді «Бірінші болу батылдығы» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Бұл іс-шарада 4 қашықтық бар : 21,1 км (жартылай марафон), 10 км, 10 км (скандинавиялық жаяу жүру) және Экиден командалық эстафетасы. Айта кету керек, Astana Half Marathon өзінің тегіс жолымен әлемнің түкпір-түкпіріндегі жүгірушілерді тартады, бұл жеке рекордтарға қол жеткізу үшін тамаша жағдай жасайды. Astana Half Marathon-ында өз қашықтығын жүгірген барлық қатысушылар мәре сызығында медаль алады. Барлық қашықтықтағы жас санаттарындағы жүлдегерлер, сондай-ақ абсолютті санаттағы жеңімпаздар серіктестер мен демеушілердің бағалы және ақшалай сыйлықтарымен марапатталады.

Бұл менің үшінші жартылай марафоным, мен клубқа алғаш рет достар табу үшін келдім. Мен оларды таптым да. Әрі жүгіру арқылы ой-өрісім өзгерді, , өмірім өзгерді. Екі жыл бойы клубта аптасына үш рет жаттығу жасадым. Біз жаттығуда 30-40 минут жүгіреміз. Бұл тәртіп өмірді ұтымды  ұйымдастыруға да көмектеседі, осылайша отбасың мен жұмысыңа да жеткілікті көңіл бөлесің. 10 км қашықтықтан кейін мен қалпына келемін, демалып, ваннаға түсемін. Барлық жаңадан бастаушыларға тек жаттықтырушымен жүгіре бастаңыз дер едім. Өйткені ол  сіздің мектептегі мұғаліміңіз сияқты болады, - деді жарысқа қатысушы Әлия Нұрғалиева.

Марафонға барлық жастағы адамдар қатысуға ниет білдіреді.  

Мен 63 жастамын, үшінші жыл жартылай марафонға қатысып жүрмін. 5 км-ден бастадым. Бүгін 45 минут ішінде 10 км жүгірдім. Әдетте мен «Ботаникалық бақта» күн сайын 5-10 км жүгіремін, өйткені қозғалыс-бұл өмір! Сондықтан мен барлығына жүгіруді ұсынамын, тек қысқа қашықтықтан бастау керек. Бұл жолы Құрбан айтта жартылай марафон өтті. Барлық мұсылмандарды мерекемен құттықтаймын !- деді жарыс қатысушысы Ғалиолла Ысқақов.

Материалды дайындағандар: Аяна Жолтабар, Диана Курчакова

Барлық жаңалықтар