Әлихан Смайылов ХВҚ миссиясымен экономикалық реформаларды іске асыруды талқылады
![](/img/articles/uploads/633e97486bc7a370728383_05d44ac359.jpg)
Премьер-министр Әлихан Смайылов Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшемен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Тараптар еліміздегі миссия жұмысының қорытындыларын, сондай-ақ ҚР Үкіметінің инфляцияға қарсы күрес, салықтық әкімшілендіру мен бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру шараларын, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, цифрландыру және мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі бастамалары, инвестициялар тарту жөніндегі қадамдары, ағымдағы сыртқы экономикалық сын-қатерлер және өңірлік күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Біз ХВҚ-мен серіктестіктің стратегиялық маңыздылығын және Қордың еліміздің дамуына қосып отырған үлесін жоғары бағалаймыз, — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Николя Бланше Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға және ХВҚ елдік миссиясының жұмысына жоғары баға берді.
Біздің арамызда берік және сындарлы ынтымақтастық қалыптасты. Біз Үкіметтің жаңа реформаларды іске асыру жөніндегі қадамдарын құптаймыз және барлық мүдделі бағыттар бойынша консультацияларымыз бен техникалық көмегімізді ұсынуға дайынбыз, — деді Николя Бланше.
Кездесу соңында премьер-министр екіжақты өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендігін атап өтті.
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![375 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды](/img/articles/d83bf79aeb114cae06b0a8fb9a19e4ef.jpg)
![Утиль алым болмаса ескі көліктер көбейе ме – Үкіметтің жауабы](/img/articles/bedd65691a35ca39b25398333cb3b4bd.jpg)
![Елімізде 4 жылдан бері алғаш рет азық-түлік тауарлары арзандады](/img/articles/e1af95f14a5ece79ccc1ed0e5edbdb3f.jpeg)
![Үкімет құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойды](/img/articles/d2a191c8838f9b0e91f6477ef4648fda.jpeg)
![Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіру көлемі артты](/img/articles/3285a143d131f9ad66af787e5286675d.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеді](/img/articles/a61bbbb723393d6459ddf7f6604a91df.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеді](/img/articles/c9732952652cff0ee57e768e1e487aea.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы төмендеді](/img/articles/891eac7b555ec65abfaf934ac687e6b9.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Қоршаған ортаны қорғау қызметі: шығынның басым бөлігі қандай қызметке тиесілі](/img/articles/uploads/62d4e69b762c3179294761_29d350ca7d.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)