00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Қызылшамен ауырғандардың 65%-дан астамы – 5 жасқа дейінгі балалар

10.11.2023 | 12:00
62
Фото: ашық дереккөз

Елімізде қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы сараптамалық дөңгелек үстел барысында баяндалды, деп хабарлады Elorda.info

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлім еткендей, аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы – вакцинация. Сондықтан денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және вакцинациялау шаралары жалғасуда. 

Бүгінде қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация және ошақтарда 30 жасқа дейін егілмеген байланыста болған адамдарды вакцинациялау жалғасуда. 18 жасқа дейінгі балаларды толыққанды вакцинациялау, екпелермен қамтудың кемінде 90% шекті деңгейін ескере отырып, балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қабылдауға мониторинг жүргізілуде, – деп мәлім етті З.Ахметова.

Оның айтуынша, қызылшамен ауырғандардың 65%-дан астамын 5 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. 

Қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қосымша жаппай вакцинациялау енгізілді, – деді комитет өкілі.

Барлық жаңалықтар